Павлодар облысында 2027 жылға дейін 19 инклюзивті қолдау кабинеті ашылады
Ертіс өңірінде арнайы және инклюзивті білім берудің дамыту шеңберінде 2027 жылға қарай 18 қолдау кабинеті ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Байғазинованың айтуынша, бүгінгі таңда өңірде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 7400-ден астам бала тұрады. Оның ішіндегі екі мыңға жуығы – мүгедек бала. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл – 7,4%-ға артық көрсеткіш.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру, орта және арнайы оқу орнында бес мыңға жуық азамат инклюзивті білім берумен қамтылған. Бұл – ерекше қажеттілігі бар балалардың 64,4%-дан астамы. Ал 1600-ден астам жеткіншек ерекше біліммен қамтылған. Яғни, арнайы балабақша, арнаыйы интернеттарда оқиды. Облыста бұл санаттағы балалар оқитын 33 арнайы ошақ жұмыс істейді. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар психолог, логопед, дефектолог, сурдопедагог мамандардың көмегіне жүгіне алады, - дейді Гүлмира Байғазинова.
Бұған дейін сөйлеу кемшіліктері балаларға арналған 200-ге жуық логопедиялық пункт ашылды. Ал мектептер жанынан инклюзивті қолдауға бағытталған бес кабинет ашылған.
Алдағы төрт жылда тағы 19 инклюзивті кабинет ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта орта мектептерде педагог-ассистент қызметін енгузі бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде 51 ставка енгізілген, - дейді мамандар.
Айта кетейік, салалық министрлікте мектепке дейінгі мекемелер және арнайы оқу орындарында педагог-ассистент лауазымдарын белгілеу бойынша нормативтік актінің жобасы әзірленді.