Павлодар облысында 2025 жылға дейін 11 жаңа мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Павлодар облысында екі жаңа мектеп салынып, үш мектеп кеңейтіледі. Бұл туралы облыстық тамыз конференциясында өңір басшысы Əбілқайыр Сқақов айтты.

Сонымен қатар, тамыз конференциясында сөйлеген облыс әкімі Əбілқайыр Сқақов білім беру саласындағы олқы тұстарды баяндады.
Мектептеріміздің 70%-ында ескі жиһаздармен қамтылған, білім орындарының жартысында заманауи жабдықтар жетіспейді. Осыған орай бірініш кезекте мектептерде күрделі жөндеу қажеттігін ескере отырып, "Заманауи мектеп" бағдарламасы ұсынылды. Ол білім беру ұйымдарын абаттандыру мен заманауи жабдықтармен қамтуды көздейді. Биыл жоспарға алты мектеп енгізілді. 2025 жылға дейін барлық 82 мектепті жөндеу жоспарлануда, - деді аймақ басшысы.

Облыс əкімінің айтуынша, балалардың үлгерімі мен мектеп ішіндегі ахуал арасында тікелей байланыс бар.

Бес жыл бұрын ағылшын ғалымдары 4 мың оқушының қатысуымен зерттеу жүргізді. Оның нәтижелері бойынша 16% жағдайда оқушылардың жетістіктеріне мектеп ішіндегі жағдай әсер еткен. Балалардың мұғалімдермен байланыс құруына мектеп архитектурасы мен дизайны да ерекше əсер ететіні дəлелденген. Оқушылардың үлгерімі мен дизайн арасындағы байланысты бүгінде басқа да ғалымдар растады, - деді Әбілқайыр Сқақов

Одан бөлек, мектептердегі оқушылар орындарының тапшылығын атаған Əбілқайыр Сқақов алдағы бес жылда қосымша 11 жаңа мектеп салынатынын мəлімдеді.

Айта кетейік, бүгінде облыс білім орындарында 9,5 мың оқушы орны жетіспейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы