Павлодар облысында 2019 жылы бір үшем және 40 егіз туған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында өңірде 3660 сәби дүниеге келген. Бұл туралы рavlodarnews.kz сайты хабарлады.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысы статистика департаментінің басшысы Жеңіс Шақатов жыл басынан бері неше егіз дүниеге келгенін айтты.
«Олардың 1888-і – ұл бала, 1772-сі – қыз бала немесе 100 қыз балаға шаққанда 106 ұлдан келеді. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларын өңдеу нәтижелері бойынша 2018 жылы қаңтар-сәуір аралығында туған балалардың саны – 3762. Халықтың қалыптасқан табиғи өсімі 1128 адамды құрады», - дейді Жеңіс Шақатов.
Биыл төрт айдың ішінде 2532 нәресте дүниеден өткен. Қайтыс болғандардың ішінде ерлер – 52%, әйелдер – 48%. Өлім себептерінің ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұму – 18,4%, жаңа өскіндер – 11,7%, тыныс алу органдары ауруларынан өлім-жітім-11% басым болып отыр.
2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында АХАТ органдары 1352 неке қию туралы және 972 некені бұзу туралы акт жазбаларын ұсынған. Неке қию 2,2%, ажырасу 8,5% азайды. 1000 неке қиюға 719 ажырасудан келеді.
Өз қарым-қатынасын тіркеген ең жас қалыңдық 16 жасында болған. Олардың саны – 5. Сондай-ақ, 1 бозбала 17 жасында күйеу жігіт атанған. Ең үлкен қалыңдық 74 жаста болса, ең үлкен күйеу жігіт 73 жаста.
2019 жылғы 1 мамырда Павлодар облысының халық саны 753587 адамды құраған. (2018 жылғы 1 мамырда – 754615). Қала халқы - 531758 (70,6%), ауыл халқы – 221829 (29,4%).