Павлодар облысында 1,8 млн тонна шөп әзірленді
Облыста 1,6 мың гектарлық шабындық алқаптан шөш шабылды. Бұл – бекітілген жоспардың 106%-ы, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімовтің айтуынша, 2024-2025 жылғы кезеңде орташа есеппен 405 мың бас мал қыстайды. Жылдық қажеттілікті қамту үшін 1,2 млн тонна жем-азық жеткілікті.
Биыл жайылымдық жерлердің 90%-на су жайылды. Бұл 500 мың тоннаға жуық шөпті шауап алуға мүмкіндік берді. Ал орташа өнімділік гектарынан 24 центнерді құрады. Қазіргі уақытта шаруалар қыстау орындарына мал азығын тасымалдауман айналысуда. Шабылған өнімнің басым бөлігі жеткізіліп үлгерді. Аймақта жем-шөп шаруашылығын дамыту мақсатында суармалы егіншілік бағыты дамуда. Азықьық дақылдар суармалы алқаптың 38%-ын алып жатыр. Көпжылдық және бір жылдық шөптер бірнеше рет шабуға болады. Ал сүрлемдік дақылдар гектарынан 400 центнерден астам жасыл масса береді, -дейді Есентай Мүрсәлімов.
Аймақта еріген қарсуын пайдалану мақсатында инженерлік нысандарды қалыпқа келтіру жоспарланған.
Мәселен, Май ауданындағы 14,6 мың гектарлық және Баянауыл ауданында 7 мың гектарға жуық лиманды массивті қалыпқа келтіру көзделуде. Бұл төрт түлік қорегінің өнімділігін 20 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал қазіргі көрсеткіш 6 центнерден аспайды, - дейді Есентай Мүрсәлімов.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Бұзылған жайылымдар мен шабындықтарды игеру» бағдарламасының жобасы әзірленді. Оның аясында елді мекен жерлеріндегі жайылымдарды қалыпқа келтіру, көпжылғы шөп егу жоспарлануда. Нәтижесінде мал басының саны артып, ауыл шаруашылығы тауар өндіру көрсеткіші артады.