Павлодар облысында 18 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды
Кадастрлық құны 18 миллион теңгеден асатын 2 531,2 гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Павлодар облысында мемлекетке мыңдаған гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Бұл туралы өңірлік прокуратура хабарлады.
Ертіс ауданы прокуратурасы жалпы ауданы 89 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімсіз пайдаланылу фактілерін анықтады.
Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде 54 жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы алқаптарын жер заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдаланғаны анықталды. Жалпы ауданы 56 мың гектардан асатын жер учаскелеріне қатысты 15 дерек бойынша материалдар шаралар қабылдау және тиісті тексерулер жүргізу үшін Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды, - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде кадастрлық құны 18 миллион теңгеден асатын 2 531,2 гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қайтарылған жер учаскелері Ертіс ауданының арнайы жер қорына енгізілді. Алдағы уақытта олар заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтарға шаруа және фермер қожалықтарын жүргізу үшін берілетін болады.
- Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті 21:31
- Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды 21:05
- Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті 20:55
- Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті 20:28
- 13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады 20:25
- Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады 20:10
- Ақмола облысында қатты жел балықшыны көл ортасына алып кеткен 19:50