Павлодар облысында 162 млрд теңгенің инвестициясын тарту көзделген
Павлодар облысында 42 жобаны жүзеге асыру мақсатында 162 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Айгерім Қабылтаеваның айтуынша, биыл облыс экономикасына шамамен 1 трлн доллар тарту жоспарланған.
Негізгі басымдық тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға берілген. Былтыр бұл көрсеткіш 940 млн доллардан асып түскен. Биылғы мақсат – көрсеткішті арттыру. Еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін жүйелі шара ретінде 17 ірі жобаның тізімі жасалған. Тізімнің ішінде облысымыздағы ферроқорытпа өндіру жобасы бар. Бүгінгі таңда бірқатар өндіріс ошағының жоғары сапалы өнімдері ферроқорытпа шығаруда шикізат ретінде пайдаланылуда. Облыста жеңіл балқытылатын көлік дискілері, кабельді-өткізгіш өнімдер, алюминий сымдары мен полипропилен құбырларын шығару ісі оң жолға қойылған, - дейді Айгерім Қабылтаева.
Мамандардың айтуынша, облыста мұнай-газ, химия кластерін дамытуға да мүмкіндіктер бар. Мәселен, өңірде шығарылатын полипропилен өнімдерін жабындық материалдар, су және ауа сүзгілері, гигиеналық заттарды өндіруде қолдануға болады. Бүгінгі таңда осы өнімдердің нарығы шамамен 30 млн долларды құрайды.
Ел 2029 жылға қарай Үкімет орта бизнестің экономикадағы үлесін 15%-ға арттыруды көздейді. Облыста бұл көрсеткіш 4,9% шамасында. Биыл кәсіпкерлік секторын қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға 13 млрд теңге бағытталған. Осы күнге дейін 700-ден астам жоба қолдау тапты, - дейді Қабылтаева.
Айта кетейік, басым жобаларды жедел қарастырып, жүзеге асыру бойынша аймақтық инвестициялық штаб жұмыс істейді. 119 жобадан құралған пул құралған.