Павлодар облысында 150 тонна инертті материал төселді

Павлодар облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

2 сәуірдің жағдай бойынша облыстың бақылауында аудандық маңызы бар автокөлік жолының 1 учаскесін (Ақтоғай ауданы: Жолболды-Шелекті автожолында) еріген су басуда, сондай-ақ су тасқынына қарсы елді мекендердегі 10 учаскесі бақылауда (Павлодар қ.-1, Ақтоғай–2, Тереңкөл-2), Успен-1, Ертіс - 3, Шарбақты-1), су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 435 адам, 145 бірлік техника, 47 мотопомпалар, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды.

Өткен тәулікте 108 876 м3 еріген су сорылды, 2850 қап, 150 тонна инертті материал төселді.

Шолақсор ауылының су басу қаупі жойылды. ЖАО және ТЖД күштерімен қажетті су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді, атап айтқанда Шолақсор ауылының бойы топырақпен үйіндісімен бекітілді, бөгеттерді топырақпен және қапшықпен нығайтты, сонымен қатар кірме автожолы да күшейтілді. Тұрғын үйлер мен ұйымдарды су басуға жол берілмеді. Аталмыш жерде су деңгейінің өзгеруіне кезекшілікті жүзеге асыру үшін ТЖД жедел-құтқару жасағының 6 адамы, 2 бірлік техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Барлық тартылған күштер мен құралдар Жалаулы ауылына көшірілді, - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Әкімдіктер мен ТЖД аула аумақтарын, тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлердің жертөлелерін су басу фактілерін анықтау үшін аулалық тексерулер жүргізуде. Мониторинг тәулік бойы, оның ішінде дрондардың көмегімен жүргізіледі. 

Сондай-ақ, облыс басшылығы ТЖД бастығымен бірлесіп су тасқынына қарсы учаскелерді биіктен бақылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы