Павлодар облысында 1,5 жасар бала бесінші қабаттан құлады
28 тамызда Павлодар облысында 1,5 жасар бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Дәрігерлер баланың жағдайы қандай екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28 тамызда сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2022 жылы туған ұл бала жеткізілді. Ол бесінші қабаттан құлаған. Баланың жасы – 1 жас 8 ай, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Бала тексеріліп, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы.
Бала травматология бөлімшесіне жатқызылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Парижде Паралимпиада ойындарының ресми ашылуы басталды
Өзгелердің жаңалығы