Павлодар облысында 14 мыңнан астам шаршы метрге гүлдер егіледі
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласының көшелері мен қоғамдық орындарына жаппай гүлдер отырғызылуда.
Биылғы жазда облыс орталығында 14 мың шаршы метрлік аумақта әсем гүлдер жайқалып өседі. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық бөлімі мамандарының айтуынша, осы жылы әсем гүлдердің 10 сұрыбы отырғызылады. Сонымен қатар голландтық және француздық раушандарды да егу жоспарланған.
Гүл егу жұмыстары күнбе-күн жүргізілуде. Шамамен 15 маусымға дейін аяқтамақпыз. Күннің аптап ыстығына байланысты суару жұмыстары жиі өткізілетін болды. Гүлдеріміз саябақтар мне скверлер, сонымен қатар, қоғамдық орындардың ажарын ашады. Гүл отырғызу және суару бойынша конкурсты Түркістан облысының кәсіпорны жеңіп алды, - дейді Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Арман Құсайынов.
Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттен 120 миллион теңге бөлінді. Мердігер ұйым өкілдері жергілікті климатқа бейім келетін өсімдіктерді таңдап, басымдық берген. Мысалы, барқыт гүлдер, шырайгүл, декоративті қырыққабат пен раушандардың бірнеше түрі отырғызылады.
Еске салсақ, былтыр 8,5 мың шаршы метрге гүл егілген. Бес бригада жаз бойы күтіп-баптаумен айналысты. Бас-аяғы 25 мың гүл жайқалып өсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық ұланның елордалық құрамасы жас сарбаздармен толықты
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы