Павлодар облысында “112” бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі іске қосылды

Павлодар облысында “112” бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі іске қосылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Оны іске қосу арқылы тұрғындардың бірыңғай “112” нөмірі бойынша барлық жедел қызметтер көмегіне жүгінудің мүмкіндігі туады. 

“112” бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі – шетелдік “911” қызметі түріндегі отандық жүйе. Жоба барлық жедел қызметтерді біртұтас ақпараттық жүйеге біріктіріп, сол арқылы тұрғындар бірыңғай қысқа нөмір арқылы көмек ала алады. 

Жоба әзірлеушісі “IT Space” ЖШС бас директоры Руслан Сәметеев айтып өткендей, хабарламаларды үлестіріп, оны өңдеу арқылы қоңырауларға жауап берудің уақытын айтарлықтай қысқартады. Облыс әкімі ақпаратты жедел және сапалы өңдеу – жобаның басым бағыты болуы тиіс екендігін қадап айтты.  

 Мақсат – қоңырау шалып, тез арада кері байланысқа ие болу. Орталықтың жедел жәрдем, ТЖД және полициямен өзара әрекеттесуін барынша оңтайландыру керек. Мұнда ұйымшыл әрі тиімді жұмыс болуы қажет, – деді Әбілқайыр Сқақов. 

Бір ауысымда қоңырауларды 24 операторларға дейін қабылдай алады. Жұмыс режимі 24/7. Толыққанды қуаттылыққа көшу 2024 жылға дейін жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы