Павлодар облысында 100 мың адамға толық вакцинация жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жаңалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мекемелерінің стратегиялық дамыту және инновациялық технологиялар бөлім бастығы міндетін атқарушы Ерғалы Асылбектің айтуынша, өңірімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 199 912 адам, екіншісін – 104 628 адам қабылдаған.
Қыркүйекке дейін облыс халқының 60 пайызын COVID-19-дан егу бойынша межені орындайтынымызға үміт бар. Ол үшін түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде халықтың 13 пайызы толығымен вакцинацияланды, – деді  Ерғалы Асылбек.
Облыста қолданыста болған төрт вакцинаның ресейлік препараты ғана бар. 
Бүгінде «Спутник V» вакцинасының 30 мың дозасы, «QazVac»-тың 100 ғана дозасы қалған. Соңғы кездері зор сұранысқа ие «Hayat-Vax» аяқталған және қайтадан жеткізілуі екіталай, дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Басқарма басшысы Айдар Ситқазинов атап өткендей, вакцинациялау пунктілері демалыс және мереке күндері жұмысын жалғастырады. Әрбір емхана жанында кемінде екі пункт ашық болады. Жылжымалы автобустар болса, олардың қаладағы жұмысы аяқталып, бұл пунктер аудандарға жөнелтілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы