Павлодар облысына өрттен 500-ден аса қой-ешкі жанып кетті

Павлодар облысына қарайтын Екібастұз қаласы Әлкей Марғұлан ауылында дала өрті тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Өрісте жүрген 500-ден аса қой мен ешкі жанып кетті. Дала өртінің неден тұтанғаны белгісіз. Жергілікті тұрғындар найзағайдан болуы мүмкін дейді. Себебі үй жануарларының кейбірі тұрған жерінде күйіп, сіресіп қалған.

Оқиға осыдан екі күн бұрын болғанымен жергілікті әкімшілік, Төтенше жағдай қызметі ақпаратты мәліметтер базасына жүктемеген. Алайда мал иелері әлеуметтік желіде жариялап жіберді. Содан кейін ғана, яғни бүгін Екібастұз қалалық әкімшілігі арнайы комиссия жіберіп, оқиғаның себеп-салдарын анықтауға кіріскен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы