Павлодар облысына COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші партиясы жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасына «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) препаратының 1200 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігімен Павлодар облысына COVID-19-ға қарсы вакцинаның 80 мың дозасы бөлінді.
Препараттың бірінші партиясы - 1200 доза - аймаққа 1 ақпанда жеткізілді. 20 ақпан күні кешке облыс орталығына сол көлемде вакцинаның екінші партиясы әкелінді, - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Қалалар мен аудандардың емханаларына тасымалданғанға дейін коронавирусқа қарсы препарат Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасында сақталады.
Медициналық мекеменің қоймасы көлемі 2,2 текше метр мұздатқыш камерамен жабдықталған.
Жақын арада мұнда сыйымдылығы 1,2 текше метрді құрайтын тағы үш тоңазытқыш орнатылады.
Қажет болған жағдайда медицина қызметкерлері 0,48 текше метр мұздатқыш жабдығы орнатылған облыстық қан орталығының қоймасын да пайдалана алады.
Естеріңізге сала кетейік, павлодарлықтар СOVID-19 вакцинасын алды. «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») препаратының алғашқы партиясы - 1200 доза аймаққа 31 қаңтарда жеткізілді.