Павлодар облысына 300 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысына жыл басынан бері 285 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл көрсеткіш еліміздегі орташа деңгейден 20%-ға артық.

Инвестициялардың басым бөлігі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларына келеді. Ал аудандар бойынша Павлодар, Ертіс және Тереңкөл аудандары көш басында.

Аймақтағы өнеркәсіп нысандарына инвестициялар Ресей, Қытай, Германия, Нидерланды, Польша және Грузия елдерінен құйылуда. Облыстық индустриялық-инновациялық даму бақсармасының басшысы Владимир Платовтың айтуынша, биылғы жылы 14 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл іске 33 млрд теңге құйылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп болжануда.

Ірі жобалардың қатарында Екібастұз өңірінде теміржол кластерін дамытуға бағытталған «Ферротрнастрейд» бар. Сонымен қатар, химиялық өнеркәсіп саласындағы екі жоба бар. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 380 млрд теңгенің инвестициясы тартылмақ. Инвестициялық жобалардың арқасында жыл сайын 12 млрд теңге көлемінде салық түседі деген болжам бар.

Облыстың экономикасын дамытуға оң әсерін тигізетін жобалардың қатарында «Богатырь» кенішіндегі тауруда құрал-жабдығын ауыстыру, теміржол саласын дамыту салалары бар. Мәселен, «Промашкомплект» кәсіпорны тәмержол дөңгелектерін шығарудың жылдық қуаттылығын 300 мың данаға жеткізуді көздеуде. Тағы бір кәсіпорын алюминий дискілері өндірісін іске қосуды жоспарлауда. Ал қытайлық инвесторлар ішк інарыққа алюминий радиторларын шығаруды көздеуде.

Инвеестициялар ауыл шаруашылығы саласына да тартылуда. Мәселен, Нидерландыдан келген кәсіпкерлер агроөнеркәсіп саласына 5 млрд теңге құюды жоспарлауда.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы