Павлодар облысы ТЖД бастығы тағайындалды
Рустамбек Амрин Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұрын ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы қызметін атқарған азаматтық қорғау полковнигі Рустамбек Амрин Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Рустамбек Амрин 1980 жылы 14 қаңтарда Рессей Федерациясының Омбы қаласында дүниеге келген.
2000 жылы Ресей ІІМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының Екатеринбург филиалын, 2009 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірді.
Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1997 жылдан бастап өрт сөндіру бөлімінің жеке бекетінің профилактикалық құрамы тобының инспекторы, өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметінен бастады.
Әр жылдары өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, бастықтың орынбасары, бастығы, Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлім бастығы, басқармасының бастығы, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.