Павлодар облысы: су тасқынынан қауіп бар ма?

Павлодар облысында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін қандай шаруалар атқарылып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыста өткен жылғы оқиғаның алдын алу мақсатында қар шығару, су ағатын арықтарды тазалау және бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы Рождественка ауылында су деңгейінің көтерілуіне елді мекендерден қардың уақтылы шығарылмауы себеп болған. Осыған байланысты биыл алдын алу шаралары күшейтілді.

Бұл ретте, тұрғындарды өз жеке үй иелерінің аумақтарын уақтылы тазалау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын. Сонымен қатар, жауапты әріптестеріме ақпан айында ауылдарда, сондай-ақ тұрғын үйлердің аулаларында жиналған барлық қарды сәйкесінше шығаруды тапсырдым, – деп жазды аудан басшысы өзінің Instagram-парақшасында.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Розовка ауылынан Максимовка бағытына қарай үйінділер жасалып, су өткізу арықтары тазартылды. Наурызға дейін Ефремовка ауылында бөгет салынып, айналма су арналары қазылмақ. Даниловка ауылында да қорғаныс үйінділерін нығайту жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінде көктемгі тасқын кезеңіне дайындықты үйлестіру үшін арнайы жедел штаб құрылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы