Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз ететін өңірге айналады

2028 жылы Павлодар облысы алғаш рет өзін-өзі толық қамтамасыз етеді, ал Маңғыстау облысы қайтадан республикалық бюджетке донор болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Болжамға сәйкес, республикалық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемі 2026 жылы – 5,1 трлн теңгені, 2027 жылы – 6,4 трлн теңгені, ал 2028 жылы – 6,8 трлн теңге. Ал бюджеттен қайтарым түрінде алынатын қаражат 2026 жылғы 0,9 трлн теңгеден 2028 жылы 1,4 трлн теңгеге дейін өседі. 2028 жылы Павлодар облысы толықтай өзін-өзі қамтамасыз етеді,-деді – деді Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Министрліктің айцтуынша, бұл өзгерістер жергілікті бюджеттердің республикалық трансферттерге тәуелділігін азайтып, өңірлердің қаржылық дербестігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Біз бұған дейін Павлодар облысы бюджетінің кірісі мен шығысы туралы жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы