Павлодар облысы карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында карантин кезіндегі азық-түлік қауіпсіздігі және азық-түлік нарығы жұмысындағы өзгерістер туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаиын Байханов онлайн брифинг барысында атап өтті.
Бүгін, яғни, 13 сәуірден бастап Павлодар облысы карантинге жабылды. Осыған сәйкес, барлық дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 20.00-ге дейін қысқарды. Сонымен қатар, шаруашылық базарлар өз жұмысын толығымен тоқтатты. Ал азық-түлік базарлары жаңадан құрылған кестеге байланысты жұмыс істейді.
Біздің облысымызда 13 базар орталықтары бар. Олардың 7-еуі Павлодар қаласында, 4-еуі Екібастұз қаласында және 2-еуі Ақсу қалаларында орналасқан. Оған қоса аудан орталықтарын да шағын базарлар бар. Олар үшін де осындай шектеулер қойылды, - деді әкім орынбасары.
Төтенше жағдайдағы карантинге байланысты барлық тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілуде. Алайда, Асаиын Қуандықұлы Павлодар облысында мұндай жағдайлардың болмай жатқандығын атап өтті.
Қазіргі таңда облыс бойынша барлық дүкен азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қоймасында 20 мың тонна азық-түлік бар. Күн сайын мониторинг жасап, керекті тауарларды қоймадан алғызып отырамыз. Барлығын бақылауда ұстаймыз. Өзімізде өндірілмейтін тауарлар, яғни, күріш, тұз өнімдерін Алматы. Қызылорда сияқты облыстардан алғызамыз, - деді спикер.
Төтенше жағдай тіркелгеннен бері қор 1700 тонна азық-түлікпен толықтырылған. Сонымен қатар, 20 сәуірге дейін 3 мың тонна азық-түлік әлі толықтырылатындығын тілге тиек етті.
Жыл соңына дейін әлеуметтік дүкендер санын 300-ге дейін жеткіземіз деген жоспар бар еді. 25 наурызда осы мәселені қолға алып, сәуір айының соңына дейін белгіленген жоспарға сәйкес жұмыс істейтін боламыз. Төтенше жағдай басталған кезде 196 әлеуметтік дүкен бар еді. Қазіргі таңда 221 дүкеніміз бар. Және бұл көрсеткішті күннен-күнге өсіріп, халыққа аса қажет азық-түліктер, яғни, ұн, сұйық май, күріш, қарақұмық, жұмыртқа сияқты тауарларды дүкен сөрелеріне қоятын боламыз. Қазір төтенше жағдай жарияланған бері азық-түлікке деген сұраныс 2,5 есеге дейін ұлғайып отыр. Ол дегеніміз бұрындары тұрғындар тек бір, екі аптаға ғана алса, қазір бірнеше аптаға бірақ сатып алып жатыр. Бірақ бұл мәселенің барлығы шешілді, - деді Асаиын Байханов.Брифинг барысында азық-түлік базарларындағы жұмыс кестесі өзгергендігін айтты. Сонымен қатар, бірқатар сақтық шарларын ұйымдастыруға шақырды. Әрбір тұтынушы арсында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауды бақылау, әр 2 сағат сайын дезинфекция жұмыстарын жүргізу және де бетперде мен бірреттік қолғаптарды үзбей тағу. Осы шараларды міндетті түрде әрбір сатушы қатаң түрде сақтаулары қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
42 500-ден ешқандай салық ұсталмайды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы