Павлодар облысы Қазақстандағы көмірдің 60% өндіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертіс өңірінде жыл басынан бері тас көмір және лигнит 73,4 млрд теңге сомасында өндірілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Облыстық статистика департаментінің мәлімдеуінше, 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі тас көмір және лигнит 73,4 млрд теңге сомасында өндірілді. Ол жалпы облыс өнеркәсібі көлемінде 6,5 % құрайды.

«Көмір өндіру бойынша Павлодар облысы республикада бірінші орында (38 млн тонна). Мемлекетіміздің жалпы көмір өндірісіндегі (62,4 млн тонна) Павлодар облысының үлес салмағы 60,8 %. Келесі кезекте Қарағанды облысы – 32,9 % және Шығыс Қазақстан облысы – 6,1 % құрады», - дейді облыстық статистика департаменті. 

Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде көмір және лигнит өндірісіне салынған инвестициялар 12,9 млрд теңге құрады. Бұл алдыңғы жылғы сәйкес кезең деңгейінен 2,1 есе төмен көрсеткіш. 

2019 жылғы қаңтар-маусымда көмір өнеркәсібі жұмысшыларының облыстық орташа айлық еңбекақысы 216005 теңгені құрады, бұл республикадан 19,9 % (269604 теңге) төмен және облыстың өнеркәсібі еңбекақысынан 10,6 % жоғары көрсеткіш.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы