Павлодар облыстық балалар ауруханасынан науқастарды эвакуациялаудың мәнжайы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық мекеме штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрт шыққан «Жылу желілері» АҚ тиесілі жылу желілерінің бақылау құдықтары облыстық балалар ауруханасының хирургиялық корпусынан 50 метр қашықтықта орналасқан.  

Алдын ала болжам бойынша, құдықты паналаған белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жылыну үшін шүберектерді өртеген. 

– Аурухана корпустарына апаратын жылу орталықтарының желісі мен жылу трассасының құбыры өтетін лотоктар бойынша өрттің иісі аурухананың хирургиялық корпусының жертөле үй-жайына тараған, - деді ведомствода. - Түтіннің иісі осы корпустың бірінші және ішінара екінші қабаттарында сезіле бастады.

Қауіпсіздік мақсатында 27 пациент эвакуацияланды, оның 24-і лор - және көз бөлімшелерінен, сондай-ақ хирургиялық корпустың қабылдау бөлімінің сүзгісінен.

– 16 бала және екі ересек адам А корпусына, 8 бала мен бір ересек адам аурухананың соматикалық корпусына ауыстырылды, - деп толықтырды басқармада. - Реанимациялық, хирургиялық, травматологиялық бөлімшелердегі 56 бала мен оларға күтім жасайтын 17 ересек адамға эвакуация қажет болған жоқ. Үшінші, төртінші және бесінші қабаттарда түтіннің иісі сезілмеді.

Түнгі онға дейін жертөле бөлмелері, хирургиялық корпустың алғашқы екі қабаты желдетілді.

– Бүгін таңертең барлық ауыстырылған балалар өз бөлімшелеріне қайтарылады, - деді ведомствода. - Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аурухана штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық балалар ауруханасында түтін туралы "101" диспетчеріне 19 наурыз күні сағат 20:47-де хабарлама түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ғимараттың артындағы жылу-коммуникациялық құдықтағы өрттің салдарынан аурухана корпусына түтін таралғанын анықтады. 12 шаршы метр қоқыс өртенген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы