Павлодар облыстық балалар ауруханасынан 112 бала эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 3:36-да облыстық балалар ауруханасын түтін басты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева айтып өткендей, персонал болған оқиға туралы өрт сөндіру қызметіне және жедел медициналық көмек қызметіне, сондай-ақ оқиға орнына шұғыл келген аурухана басшылығына хабарлаған.Оқиға орнына келген соң, Нұркин көшесі, 75 мекенжайындағы инфекциялық стационардың «А» корпусындағы 1-ші бөлімшенің бірінші қабатындағы санитарлық өткізу пунктінде түтін ошағы табылды, соның салдарынан дәлізге түтін шыққан. Палаталарда түтін болған жоқ, өйткені олар қорап түрінде жабдықталған. Науқастар «А» корпусынан 150 метр қашықтықта орналасқан «Б» корпусына қауіпсіз жерге жедел көшірілді. Зардап шеккендер жоқ, - дейді ол.Оқиға орнынан барлығы 112 бала және бала күтімі бойынша 76 адам эвакуацияланды.
Оқиға болғанға дейін бір жарым сағат бұрын «ПРЭК» ЖШС балансындағы ТП-463-тен берілетін инфекциялық стационарда электр энергиясы апаттық түрде ажыратылған. Төтенше жағдайға себеп болған осы болуы мүмкін, дейді медиктер.
Барлық эвакуацияланған пациентті жедел медициналық көмек қызметкерлері қарап шықты, түтін салдарынан зардап шеккендер анықталған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қала бюджеті 491,6 млрд теңгеге жетті – Әйтенов
Өзгелердің жаңалығы