+10

Павлодар мұнай-химия зауытында өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті

Павлодар мұнай-химия зауытында өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті

27 наурыз күні сағат 23.40-та Павлодар мұнай-химия зауытының аумағында өрт болып, салдарынан екі адам зардап шеккен, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндірушілері, Павлодар мұнай-химия зауытының өртке қарсы қызметі мен 103 қызметі бар жедел штаб жұмылдырылды. Павлодар қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің барлық жеке құрамы жиналып, қосымша өрт сөндіру техникасы енгізілді.

Құбырлардың ішінде сұйық күйде ағып жатқан полипропилен фракциясы 50 шаршы метр аумаққа төгіліп, өртке оранды. Факелді жағу тоқтатылып, технологиялық қондырғылар салқындатылды, – деді департаментте.

Сондай-ақ ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, күйік шалған 36 және 43 жастағы екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетілді, бірақ ауруханаға жатқызу қажеттілігі болған жоқ.

Оқиға технологиялық процеске әсер етпеді. Өрт бір сағаттан кейін, сағат 00.40-та сөндірілген. Қазір тілсіз жаудың шығуына не себеп болғаны анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы