Павлодар мұнай-химия зауыты үш жыл сайынғы жөндеу кезеңіне көшеді

Биыл Павлодар мұнай-химия зауыты алдағы уақытта үш жыл сайынғы жөндеу кезеңіне көшпек. Бұл туралы кәсіпорын басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Қуаныш Бишімовтің мәліметінше, биыл өндіріс ошағы 5 млн 466 мың тонна мұнайды қайта өңдемек. Нәтижесінде 1 млн 572 мың тонна бензин, 1 млн 746 тонна дизель, сонымен қатар, әуе отыны, сұйытылған газ, битум мен мұнай коксы шығарылмақ. 

Үстіміздегі жылдың 8-27 шілдесі аралығында зауыт жөндеуге тоқтатылды. Бұны өнеркәсіптік қауіпсіздік пен нормативтік құжаттардың талабы. Жоспарлы жөндеу табысты аяқталды. Тамыз айының басына дейін қалыпты режимге көштік. Жоспарлы көрсткішке қол жеткізуіміз керек. яғни, алты мың тонна бензин мен дизель отынын өндіру керекпіз. Қазіргі уақытта нарықтағы жағдай тұрақталды. Кеше сегіз мың тонна жанар-жағармай жүктедік, – дейді Қуаныш Бишімов. 

Ендігі мақсат – күрделі жөндеуді үш жыл сайын жүргізу. Бұл нарық жағдайын тұрақты ұстауға әсерін тигізеді. 

Бір айдың ішінде біз жол картасын әзірлейміз. Жөндеуді қажет ететін жабдықтар, құралдарды қарастыру қажет. Бұл, әрине, инвестиция құюды талап етеді. Қазіргі уақытта үш жоба бар. Атап айтқанда, сұйытылған газды тазарту жабдығы, дизельді парафиннен тазарту жабдығын орнату. Өндіріс үшін аса маңызды жобалар. Қазіргі уақытта жобалар ұлттық компания тарапынан қолдау тапты, – дейді Қуаныш Бишімов. 

Инвестициялық жобалардың бірі зауытта қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді. Бұл жоба да қолдау тауып, мердігер ұйымды анықтау жұмыстары жүргізілді. 

Айта кетейік, еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында өндіріс көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Осы жылғы жоспар бойынша кәсіпорындар былтырғы кезеңмен салыстырғанда  1 млн тоннаға артық мұнайды өңдеп шығармақ. Осылайша, елімізде алғаш рыт бір жылда 17 млн тонна мұнайды қайта өңдеу жоспарланған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы