Павлодар мұнай-химия зауыты уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары кезінде ішкі нарықты әуе отынымен Атырау және Шымкент МӨЗ-дері қамтамасыз етеді.
Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтаған кезінде Қазақстанның әуе отыны өндірісі басқа мұнай өңдеу зауыттары есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Қазан айында Атырау және Шымкент МӨЗ-дері жиыны шамамен 35 мың тонна әуе отынын шығарады. Жинақталған көлемдерді есепке алғанда, бұл ішкі нарықтың әуе отынына деген сұранысын толығымен өтейді.
Еске сала кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары қазанның 1-і күні басталады. Зауыттың қалыпты жұмысы қазан айының соңына жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Райымқұлованы қабылдады
Өзгелердің жаңалығы