Павлодар мұнай-химия зауыты дизель отынын штаттық режимде өндіріп жатыр
Сутегі өндіру қондырғысында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Технологиялық жабдық штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Технологиялық газды сутегі өндіру қондырғысының бу риформингінің пешіне тасымалдайтын құбырдың дәнекерлеу тігісінде табылған ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстары 13 ақпанда аяқталды.
14 ақпанда «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де дизель отынының өндірісі қалпына келді.
2023 жылғы 10 ақпанда Павлодар мұнай-химия зауыты «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС меншігіндегі сутегі өндіру қондырғысындағы ақаудың салдарынан дизель отынының өндірісін уақытша тоқтатқан болатын.
Сутегі өндіру қондырғысы тоқтап тұрған кезде жиналған мұнай өнімдерінің құрамдауыштары наурыз айында тауар өнімі болып өңделеді. Осылайша, ПМХЗ көктемгі егіс дала жұмыстарына дизель отынының жоспарлы көлемін қамтамасыз ететін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы