Павлодар мектептерінің біріне "бомба" қойылғаны хабарланды
Полиция мектепте жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 7 сәуірде Павлодар қаласының №34 мектебінің электрондық мекенжайына ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келді.
Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілді. Тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады. Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабында жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - делінген ІІМ хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкент мұнай зауыты мерзімінен бұрын жұмысын бастап кетті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы