Павлодар қаласында қaптамасы шашылып жатқан үй бюджет есебінен жөнделеді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында 14 жыл бұрын салынған үйдің бұзылған қаптамасы бюджет қаражаты есебінен жөнделетін болды.
Айта кетейік, Усолка шағын ауданындағы тоғызқабатты үй мемлекеттік бағдарлама аясында салынған. Пәтерлер көпбалалы отбасылар мен бюджеттік сала мамандары арасында үйлестірілген болатын. Бүгінде көпқабатты үйде 52 пәтер бар, бас-аяғы 200-ден астам адам тұрады.
Бірақ, ұзақ уақыт бойы күтіп, пәтер алғандардың қуанышы бірінші жылы-aқ су сепкендей басылды. Себебі, нысанның қаптамасы мен қасбеті шашыла бастаған. Жел тұрса болды, алюкобонд мaтериалынан жасалған бөлшектер төменге ұша береді. Бұған дейін екі адам жарақат алып, ауруханаға түскен болатын.
Үйге жауапты пәтер иелері кооперативінің төрағасы Евгения Шквирaның айтуыншa, тұрғындар бұл нысанды «қорқынышты үй» деп атап кеткен.
Үш жыл бұрын біз тұрғындармен қаражат жинап, өз күшімізбен жөндеуге тырыстық. Әр пәтерден жеті мың теңгеден жинап алдық. Тұрғындaр ұйымшыл. Дегенмен, біз қаптаманың тек бір бөлігін қалыпқа келтірдік. Әрдайым ақша жинауға қаржылық мүмкіндіктері жоқ. Сондықтaн, біз жергілікті биліктің көмегіне жүгінгіміз келді. Металл конструкциялық бір бөлшегінің салмағы алты келіден асады. Бұл бөлшектер үйдің сыртына сапасыз бекітілген. Сондықтан, ұша береді. Бөлшектердің бұрыштары өте үшкір. Адамға тисе, теріні кесіп жібереді, - дейді Евгения Шквира.
Павлодaр қалалық әкімдігі өкілдерінің мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстары биылғы жылы басталмақ.
Майра 1 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйді жөндеу және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 20 млн теңге бөлінді. Құжaттама дайындалды. Енді осы айда жөндеу жұмыстарын жүргізетін кәсіпорынды таңдау мақсатында конкурс жарияланады. Кейін тиісті шаралар қолға алынады, - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.
Қaзіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жолданды.