Павлодар әуежайында цифрлық құжаттар сервисі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсыну мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Павлодар әуежайы» АҚ-ның мәлімдеуінше, әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасында тіркелген пайдаланушы «цифрлы құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдауы қажет.
Ұшатын жолаушылар әуежайдың тіркеу бағанасында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде eGov Mobile қосымшасынан QR-кодты сканерлеген смартфонның экранын көрсету қажет, - делінген баспасөз қызметінде.
Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық режимде жұмыс істейді.
Жаңа қызметті әуежайларда пайдалануды жоспарлап отырған жолаушыларға ұшар алдында өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын алып жүруді ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында 59 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған
Өзгелердің жаңалығы