"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы халықаралық ұйымның мүшесі атанды

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы Солтүстік Македноияда өткен саммитте әлемдік «World Free Zones Organization» ресми өкілі атанды. Алдағы уақытта бүгінде бірнеше зауыттың басын қосқан аймақ Орта Азия бойынша да жұмыс істемек. 

Ауқымда шара барысында әлемдегі арнайы экономикалық аймақтардың мүшелері павлодарлық ұйымның жұмысына қызығушылық білдіріп, жоғары бағасын берді.
Халықаралық ұйымның бас директоры Самир Хамроуни жергілікті экономикалық аймақ Орта Азиямен байланысты беки түсіп, стратегиялық маңызды жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізетініне сенім білдірді. Бұл шараға еуропа елдерімен қатар, Марокко, Аргентина, Қытай, Үндістан мемлекеттерінің делегаттары қатысты. 

«Біз жаңа деңгейге көтерілдік. Ендігі мақсатымыз - мол тәжірибемізді Орта Азияға тарату», - дейді «Павлодар» аймағының директоры Айбек Тұрсынғалиев. 

Еске салсақ, өткен жылы жергілікті экономикалық аймақ «Fdi Magazine» ағылшындық журналының рейтингінде үздік ұйым атанған болатын. Бүгінгі күнге дейін мұнда сегіз кәсіпорын ашылып, әлемдік және ішкі нарық үшін 30-дана стам өнім шығарып жатыр. 

Экономистердің есептеуінше, аймақта 1 теңгеге шаққанда 14 теңгенің инвестициясы құйылған. Бұл - үздік көрсетіш. Осы уақытқа дейінгі жүзеге асырылған сегіз жобаға 50,4 млрд. теңге тартылды. Алдағы екі жыл ішінде құны 80 млрд. теңге болатын 15 ілкімді жоба қолға алынбақ. 

Айта кетейік, World Free Zones Organization – еркін экономикалық аймақтардың мүддесін қорғайтын әлемдік коммерциялық емес ұйым. Оның мақсаты - аймақтарды біріктіріп, жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы