Павлодар қаласының нақтыланған бюджеті 86 млрд теңгені құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық әкімдікте мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қанат Қапуовтың айтуынша, 2019 жылға арналған нақтыланған қалалық бюджеттің көлемі 86 214901 мың теңгені құрады немесе оның бекітілген көлемінен 397 129 мың теңгеге артқан.
"Ең көп қаражат - 503 млн теңге жолдарды күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарына бөлінді. Оның ішінде жол белгілері мен бағдаршамдарды орнату қарастырылған. «Омбы – Майқапшағай», ПМХЗ бағытындағы және қаланың ішіндегі жолдар бар. Бұл жолдардың 80%-да жұмыс аяқталды. 30 автобус - 20 дизельді және 10 электробус сатып алуға бөлінген сома қаржы бөлімінен ТҮКШ бөліміне аударылды. Яғни, әкімшісі ауыстырылды. Сондай-ақ "Коммун-Сервиске" дренжады жүйе, қаланың ішін тазалау, жылу және электр, кәріз желілерін жөндеу, апаттарды жоюға 500 млн теңге бөлінді. Әсіресе, екінші Павлодарда иесіз желілер көп кездеседі. Оның барлығын қалыпқа келтіру керек", - дейді Қанат Қапуов.
Бөлім басшысы ұсынған мәліметке сүйенсек, елді мекендерді жарықтандыру, санитарлық шаралармен қамтамасыз ету және көріктендіру мен көгалдандыруға 206 млн 760 мың теңге, құрылыс бөліміне 149 млн 556 мың теңге қарастырылған.
"Сарыарқа" шағын ауданындағы 31-ші үйдің құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Келесі жылы "Достық" шағын ауданында мемлекеттік сатып алуларға 300 мың теңге беріледі. Абай көшесінде инженерлік коммуникацияларды жобалау мен құрылысын  аяқтадық. Бұл мақсатқа 5 млн теңге, қосымша 15 млн теңге төленді. Өткен жылы қолға алынған жобаны жүзеге асыру биыл жалғасын табады", - дейді Қанат Қапуов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы