Павел Дуров Франциядан кетті
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа Франциядан кетуге сот арқылы рұқсат берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Франциялық ақпарат құралдарының AFP агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Дуров Франциядан шығып, Дубайға оралған.
Бұған дейін, 2024 жылдың тамыз айында, Павел Дуров Францияның Ле-Бурже әуежайында ұсталған болатын. Оған Telegram платформасында заңсыз әрекеттерге жол берді деген айыптар тағылды. 28 тамызда ол 5 миллион еуро кепілмен босатылып, Франция аумағынан шығуға тыйым салынған еді.
Дуровтың Франциядан кетуіне рұқсат беру туралы шешім оның ісі бойынша сот процесінің жалғасып жатқанын және оның құқықтық мәртебесі өзгермегенін көрсетеді. Қазіргі уақытта ол Дубайда тұрып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы