Пәтуалар жинағының үшінші кітабы жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХХІІ мәжілісінде Пәтуалар жинағының үшінші кітабының таныстырылымы өтті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

«Muftiyat» баспасы шығарған жинақтың таныcтырылымына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Ғұламалар кеңесінің мүшелері қатысты.

Өзекті діни мәселеде қоғам арасында «Ғұламалар кеңесінің ұстанымы қандай? Қандай пәтуа шығарады?» деген сауалдар жиі қойылады. Бұл жинақ – Кеңестің атқарып отырған ауқымды еңбегі мен жанқиярлықпен жасап жатқан жұмыстарының жемісі, – деді ҚМДБ төрағасы.

Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған жинақта қазіргі кезде қоғамда жиі талқыланатын көкейкесті мәселелер мен үкімдер жан-жақты талқыланып, шариғат негіздеріне сүйене отырып, шешімі мен пәтуалары топтастырылып отыр. 

Еңбек дін қызметіндегі имамдарға, имандылық жолында тәлім алушы шәкірттерге, сондай-ақ жалпы мұсылман қауымына арналған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы