Патрульдік полиция полкінің рота командирі парамен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте патрульдік полиция полкінің рота командирі ұсталды, деп жазады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Жақында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Ол жүйелі негізде қарамағындағы қызметкерлерден қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін пара алды (Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша), –  делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 27 сәуірінде Арнайы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласы ПД АББ-мен бірлесіп, қарамағындағы қызметкерлерден кезекті пара алғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы