Патронаждық қызмет: Балалар өлімі 22%-ға төмендеді
Қазақстанда патронаждық қызметті дамытудың арқасында балалар өлімі 22%-ға төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Денсаулық министрлігі мәлім еткендей, 2024 жылы әмбебап патронаж бағдарламалары бойынша 25 мың орта медицина қызметкері оқытылған. Бұл балаларды стационарларға кеш жатқызу санын 3%-ға төмендетуге мүмкіндік берген.
Емханалар базасында 290 ерте даму және араласу орталығы ашылды, сондай-ақ 139 педиатриялық бөлімше құрылды, - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Барлық өңірде көмектің сапасын арттыру үшін патронаждық бақылаудың әмбебап прогрессивті моделі және балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару бойынша оқу-әдістемелік орталықтар құрылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды
Келесі жаңалық
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы қанша жас деп белгіленді
Өзгелердің жаңалығы