Пәтерді жалдау құны бір жылда 18,5%-ға өскен

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазан айында тұрғын үйден пәтер жалдау бағасы 2020 жылмен салыстырғанда 18,5%-ға өсіп, рекордтық көрсеткішке жеткен. Бір жыл бұрын пәтерді жалдау бағасы 9,8%-ға өскен болатын.

EnergyProm зерттеу агенттігінің мәліметінше, Алматы облысында пәтерді жалдау бағасы – 4,2%-ға, Батыс Қазақстанда – 37,4%-ға, Алматыда – 35%-ға және Шымкентте –33,8%-ға өскен.

Қыркүйекте пәтерді жалдау бағасы 1,1%-ға өсіпті. Баға негізінен шілде айында анағұрлым көтеріліп, 4,2%-ға дейін өскен.
Қыркүйекте ел бойынша жалға берілетін пәтердің бір шаршы метрі орта есеппен 1877 теңге болған. Дегенмен, ірі қалаларда бір шаршы метрдің құны 3 мың теңгеден асып кеткен.

Мәселен, Нұр-Сұлтанда бір шаршы метр – 3443 теңге болса, Алматыда – 3062 тг, Ақтауда – 2359 тг, Түркістанда – 2307 теңге болған.

Еліміз бойынша Таразда пәтерді арзанға жалдауға болады екен, онда жалға берілетін пәтердің бір шаршы метрі – 1370 теңге, Қызылордада – 1398 тг және Семейде – 1452 теңге.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы