Пәтердегі қаңқа: ер адам анасының сүйегін 10 жыл әжетханада ұстаған

Жапонияда 60 жастағы Такехиса Мияваки есімді ер адам өз пәтерінде 10 жыл бойы қайтыс болған анасының сүйегімен бірге тұрғаны үшін ұсталды. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құқық қорғау органдарына бұл жағдай туралы жергілікті шенеуніктің назары арқасында белгілі болды. Ол Миявакидің ақсаңдай басып жүргенін байқап, денсаулығын сұрастырады. Анасы туралы да сұрақ қойған кезде ер адам жауап беруден бас тартқан. Шенеунік күдіктеніп, полицияға хабар береді.

Тексеру кезінде пәтер ішінен үйіліп жатқан қоқыс пен әжетханада жатқан адам қаңқасы табылған. Мияваки бұл – 95 жасында он жыл бұрын қайтыс болған анасының сүйегі екенін мойындады. Оның айтуынша, ол анасын әжетханада өлі күйінде тауып, сол жерде қалдырған. Себебі социофобияға (адамдармен қарым-қатынас жасаудан қорқу) шалдыққандықтан, полицияға хабарлауға немесе жедел жәрдем шақыруға батылы жетпеген.

Сараптама сүйектің шынымен Миявакидің анасына тиесілі екенін растады. Алайда зорлық белгілері табылған жоқ.

Соған қарамастан, полиция ер адамның айтқандарына толық сене қойған жоқ. Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы