Пәтер кезегінде тұрғандардың саны өсіп, алғандардікі кеміген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутат Нариман Төреғалиев Сенаттың жалпы отырысында мүгедектерге арнап салынатын үй құрылысының сапасын арттыруды талап етті.

Соңғы 3 жылда мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін пәтерлердің бірі де тиісті талаптарға сай емес. Депутат өзінің депутаттық сауалында статистикаға тоқталып өтті.

Қоғамның осы топ өкілдеріне берілетін пәтерлер құрылыс жоспарының 2018 жылы қабылданған арнайы талаптарына сай болуы керек. Мысалы, мұндай үйлер үшін есік жақтаулары, балкон мен лоджия, әжетхана бөлмелерінің көлемі әдеттегіден кең болуы керек. Алайда, сол уақыттан бері жағдай еш өзгерген жоқ, - дейді ол.

Депутат дегенмен көпшілік бұған да разы болып отыр деп санайды. Себебі тұрғын үйді күту ондаған жылға созылып кетуі мүмкін. Сенатор келтірген статистикаға сай, кейінгі жылдары кезекте тұрғандардың саны өскен, ал пәтер алғандар, керісінше, кеміген.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы