Пәтер иелеріне 5 пайдалы кеңес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа Заң күшіне енді, ол бойынша 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ПИК-тер күшін жояды. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншік иелері бірлестіктері (МИБ) болады.

МИБ-ті тіркеу кезінде пәтер иелері жиі кездесетін проблемалық мәселелерді қарастырайық:

1. Құжаттарды дайындау кезінде жиналыс хаттамасының және сауалнама парақтарының үлгілік нысандарын қолданыңыз.

Жиналыс хаттамасы, сауалнама парақтары еркін нысанда жасалған немесе оларда қателіктер жіберілген жағдайда тіркеуші орган құжаттарды жөнге келтіруге қайтара алады.

Жиналыс хаттамасы, сауалнама парақтарын ҚР ИИҚМ-нің 2020 жылғы 30 наурыздағы №163 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес үлгілік нысандар бойынша дайындалуы керек. Дауыс беру парақтары нөмірленіп, хаттамамен бірге тігілуі керек.

2. МИБ Жарғысын тіркеу органына ұсынуға екі тілде дайындаңыз: мемлекеттік тілде (2 дана) және орыс тілінде (2 дана).

Жарғыны әзірлеу кезінде пәтер иелерінің өмірін жеңілдету үшін жасалған мүлік иелерінің бірлестігінің Үлгілік Жарғысын негізге алу да оңай.

Егер пәтер иелері өздерінің МИБ жарғысын дербес әзірлеу туралы шешім қабылдаса, онда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының негізгі нормаларын енгізу қажет.

3. Егер Сізге МИБ атауын таңдау қиынға түссе - тұрғын үй кешенінің атауын немесе көпқабатты үйдің мекен-жайын алыңыз.

Заңды тұлғаның атауы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, басқа, осыдан бұрын тіркелген заңды тұлғалардың атын толық немесе едәуір қайталамауы керек. Сондықтан атауды таңдау жиі қиынға соғады.

4. Заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде сіз МИБ кеңсесінің нақты мекен-жайын немесе МИБ төрағасының үйінің мекен-жайын көрсете аласыз.

Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда МИБ төрағасының нақты мекен-жайы заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде көрсетіледі.

5. МИБ төрағасының кандидатурасын оны түпкілікті мақұлдағанға дейін тексерген дұрыс.

МИБ төрағасы толық қабілетті, бандитизм, алдын ала банкроттық қылмыстары үшін өтелмеген және алынбаған соттылығы, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша қарыздары болмауы керек.

Заңның талаптарына сәйкес тіркеуші орган заңды тұлғаның басшысы туралы ақпаратты тексереді және сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды міндетті түрде қайтарып береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы