Пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова пәтер бағасына қандай фактор әсер ететінін атады.
Ол тұрғын үй құнының өсуі сыртқы факторлар әсерінің сақталуынан болуы да мүмкін дейді.
2020 жылы өңделген ағаш құны әлемде 2,2 есеге шарықтап кетті. Шайыр бағасы 45%-ға, мыстың құны 27%-ға, болаттың бағасы 13%-ға қымбаттады. 2020 жылы әлемнің көптеген елінде жылжымайтын мүлікті қоса алғанда активтер құнының қымбаттауы әлемдік экономикаға 10 трлн доллар немесе әлемдік жалпы ішкі өнімнің 7,5%-ы сияқты ірі көлемде қаражат құюдың салдарына әкеліп соқты, - деп атады Ляззат Ибрагимова.
Статистика бойынша нарықтық конъюкторды ескермеуге болмайды. Мысалы, Түркия еліндегі жылжымайтын мүлік бағасы 2020 жылы 27%-ға, Германияда 12%-ға, Ресейде 10%-ға және Канадада 7%-ға артты.
2021 жылы экономика ынталандыру мақсатында көптеген ел инфрақұрылымға жұмсалатын инвестициялар көлемін көбейтіп отыр. Бұл шикізат пен металдардың көптеген түріне сұранысты арттырып, бағаның жоғарылауына әсер етеді, - деп түсіндірді «Отбасы банк» басшысы.
Сонымен қатар жылжымайтын мүлік құнының өте үлкен үлесін еңбек ресурстарының құны алады.
Егер статистиканы алып қарайтын болсақ, Қазақстандағы орташа жалақының көрсеткіші 2020 жылдың төртінші тоқсанында 233 136 теңгені құрады. Ал осыдан екі жыл бұрын (2019 жыл) 168 389 теңгені құраған болатын. Бүгін ресми статистика шықты. Бірінші тоқсан бойынша орташа жалақы 11%-ға өскен, - дейді ол.
Дегенмен, оның сөзінше, мамандар бағаның тұрақталуын қадағалап отыр. Сондықтан жылдың екінші жартысында, яғни мамырдың аяғы мен маусымның басында нарықтағы баға тұрақталады.
Еске салсақ, Қайырбек Өскенбаев елімізде пәтер бағасы қашан арзандайтын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат жанармайдың қымбаттауына қатысты сауал жолдады
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы