Пәтер алып бермек болған алаяқ Атырау тұрғынын сан соқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда алаяқ әйел пәтер алып беремін деп тұрғынның екі миллион теңгесін алып, ізім-ғайым жоқ болған, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
29 жастағы жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, 38 жастағы әйел екі миллион теңгесін алып, хабарсыз кеткенін айтқан. Күдікті үш бөлмелі пәтер алып беруге көмектесетінін айтып, тұрғынның сеніміне кірген, - делінген ПД хабарламасында.Зардап шегуші көп ұзамай алаяқтық құрбанына айналғанын түсінеді.
1982 жылғы күдіктіні тәртіп сақшылары қолға түсірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қаржы пирамидасына алданғандар тағы да бас көтерді
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы