ТМД-дағы алғашқы Pata Travel Mart 2019 Қазақстанда өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көрмеге әлемнің 60 елінен туристік индустрияның 1000-нан астам өкілі қатысады. РТМ 2019 көрмесін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырып отыр.


 

18-20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Көрме орталығында Азия-Тынық мұхит аймақтарының PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі өтеді.

Шара аясында көрме, іскерлік кездесулерге арналған нетворкинг-платформа және іскерлік екі форум ұйымдастырылады.

PATA Travel Mart – жергілікті және халықаралық туристік нарық ойыншыларына арналған коммуникациялық, іскерлік және нетворкинг алаң болмақ. Көрме қазақстандық туроператорлар мен бизнес-қауымдастық үшін, отандық және шетелдік турөнімдерді дамыту мақсатындағы халықаралық байланысты нығайтудың бірегей мүмкіндігі.


 

Туризм саласының халықаралық тәжірибесі талқыланған шарада басты спикерлердің бірі «Air Astana» бас директоры Питер Фостер әуе жолының дамуына қатысты жетістіктерімен бөлісті.

«Соңғы жылдары Азия-Тынық мұхиты елдерінің қауымдастығы 1984 жылы құрылды. Тағы мұндай шара Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Демек, жаңа көкжиектерді ашуға мүмкіндік алып отыр. Мен Азия елдерімен жақсы таныспын. 1982 жылдан бері банк саласында жұмыс істеп жүрдім, осы жылмен салыстырғанда біз көп жетістікке жеттік. Қазір Азия туристерге ашық. Азияға жиі саяхаттайтын турист көп. Саяхат жасау қазір бүкіл әлемге кеңінен тарады. Кез келген адам саяхат жасай алады. Бұрын мүмкін емес «дүниеге» қазір оңай қол жеткізуге болады. Саяхат өмірге құштарлықты арттырып қана қоймай, жақсы жетістіктерге жетуге жол бастайды», - деді Питер Фостер.


 

Сонымен қатар, спикер бүгінде орнықты туризм мәселесі шешіліп қана қоймай, тиімді саяхат жасаудың оңай жолы көп екенін айтты.

«Бұрын, мәселен, Қытайға баратын мүмкіндік болған жоқ. Қазір барлық жол ашық. Туризм саласынан тыс қалған елдер де баршылық. Қазақстан туризм саласына саяхатты енді ғана бастады. Қазір нарыққа шығып, сату мүмкіндігі туып тұр. Қазақстандағы әріптестерім туризмнің тартымдылығы туралы айтады. Өзімнің 14 жылдық тәжірибеммен бөліскім келіп отыр. Қазақстан – өте керемет ел. Табиғаты әсем. Әлем бойынша Қазақстан дамудың алдыңғы шебінде тұр», - деді Фостер. 


 

Компания басшысы Қазақстанның тарихымен қоса, туристік тартымдылығы туралы да айтып берді.

«Тарихын алмағанда, бұл елдің табиғаты бай. Адамдар қонақжай. Елдің ерекшелігі батысында Каспий маңында шөл болса, солтүстік пен оңтүстігінде таулар бар, шығысында әсем жерлері бар. Елдің оңтүстігінде Тянь-Шянь тауларының етегі басталады. Алматы қаласымен шекаралас жерде осы әсемдік басталады. Оның аймағында табиғи, әсем жерлері айтарлықтай көп», - деді ол. 


 

Сондай-ақ, Питер Фостер Қазақстанмен қатар аймағындағы Орта Азиялық көрші елдерге де саяхат жасауға болатынын айтты.

Іс-шараның бағдарламасында көптеген шара қамтылған және толық үш күнге есептелген. 

18 қыркүйек 2019 жыл ҚАЗМЗУ-да «Басынан аяғына дейін: тарих бізді қалай байланыстырады» жастар симпозиумы болады. Симпозиумға ортақ мақсаты туризм саласының негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктерін дамытуға үлес қосу болып табылатын қатысушылар жиналады. 

19 қыркүйек 2019 жыл Travel Weekly Group-пен бірге ұйымдастырылған Travolution Forum Asia өтеді. Іс-шара барысында қатысушылар «Азия-Тынық мұхиты туристік индустриясындағы Triple-Bottom Line Impact-іге арналған корпоративтік инновациялар», «Сыртқы әлемге қарай бет бұру», «Овертуризмге Digital Solutions» және «Тұтынушылардың мінез-құлқы қалыптастырған тәжірибелік деректер» тәрізді тақырыптарды талқылайды. 


 

Осы күні контент-маркетинг бойынша UpThink-пен бірге ұйымдастырылған екінші форум өтеді. Сарапшылар мен контентті жасаушылар тобы өзекті үрдістердің дамуын талқылайды. 

PTM 2019 спикерлерінің қатарында BBC Global News-тің жарнаманы сату жөніндегі вице-перзиденті(Сингапур, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтары) Джон Уильямс, Air Astana авиакомпаниясының президенті Питер Фостер, iFree Group-тың Корпоративтік даму және коммуникация жөніндегі вице-президенті Тони Смит және басқалары бар екенін атап айтамыз. 

PATA Travel Mart 2019 аясында PATA Gold Awards 2019 марапатын табыстау жоспары да бар. 

Қазір іс-шараға 32 елден 250-ден астам селлер жұмылдырылған, олар өз класындағы үздік өнімдер мен қызметтерді, ерекше тағамдар мен Жапониядағы «фото-каникулдан» Қытай мұрасына саяхатқа дейін көрсетеді. 

PATA (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік ассоциациясы) бейкоммерциялық мүшелік ассоциация, ол Азия-Тынық мұхит аймақтарына және осы аймақтардан шығатын саяхат пен туризмді жауапты дамытудың жылдамдатқышы. 1951 жылы құрылған. Ассоциация 800-ден астам мүше ұйымды, соның ішінде 95 үкіметтік, мемлекеттік және қалалық туристік ұйымды, 20 халықаралық авиакомпания мен әуежайды, 102 қонақ күту ұйымын және 70 білім мекемесін, сондай-ақ жүзден астам жас адамды, дүние жүзі бойынша кәсіби туристік қатысушыны келісілген ақпараттық-насихат қызметпен, терең зерттемелермен және инновациялық іс-шаралармен қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы