Бүгiн 2026, 17:17 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Пашинян Путиннің алдын орап кетті. Ереван Еуроодаққа бет бұра ма? Армениядағы сайлаудың интригасы

Саясаттанушы Пашинянның сайлаудағы жұмбақ жеңісін түсіндірді.

Арменияда өткен парламент сайлауы Оңтүстік Кавказдағы саяси жағдайды қайтадан күн тәртібіне шығарды. Қарабақтағы ауыр жеңіліс, қауіпсіздік дағдарысы және Ресеймен арадағы салқын қатынасқа қарамастан, Никол Пашинянның партиясы қайтадан алға шықты.

Бұл нәтиже нені білдіреді? Армян қоғамы соғыстан кейін тұрақтылық пен бейбітшілікті таңдады ма? Әлде бұл Ресейден алыстап, Еуропаға жақындаудың нақты белгісі ме?

Сұхбат барысында саясаттанушы Руслан Мақсатпен Пашинянның жеңісінің себебін, Мәскеудің ықпалын, Еуроодақтың Арменияға қызығушылығын және Әзербайжанмен бейбіт келісімнің мүмкіндігін талқыладық.

Сондай-ақ Арменияның Украина жолымен жүруі мүмкін бе, Ресей Ереванға қысымды күшейте ме және бұл жағдай Оңтүстік Кавказдағы күштер тепе-теңдігіне қалай әсер етеді деген сұрақтарға жауап іздедік.