Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды елдің премьер-министрі етіп тағайындады.
Бұл туралы armeniasputnik хабарлады.Бұған дейін ол мемлекет басшысы қызметін атқарып келген.
Айта кетсек, осыған дейін парламенттің басым бөлігі Армения премьері лауазымына Пашинянді ұсынған болатын. Конституция бойынша ел президенті парламент қолдап, көпшілік ұсынған үміткерді премьер етіп тағайындауы тиіс.
Енді тағайындаудан кейін 15 күн ішінде жаңа Министрлер кабинеті қалыптасуы тиіс. Кейіннен премьер 20 күн ішінде заң шығарушыларға өз Үкіметінің бағдарламасын ұсынуға міндетті.
Еске салсақ, маусым айында Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өткізілді. Сайлау қорытындысы бойынша Никол Пашинянның «Азаматтық келісімшарт» партиясы сайлаушылардың 53,91% даусын жинап, жеңіске жеткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы