Партиялық емес байқау орталығы ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Партиялық емес байқау орталығы ҮЕҰ серіктестермен байқау мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Партиялық емес байқау орталығының Республикалық штаб төрағасы Төлеген Күнәділов Алматы облысы бойынша филиалдың өңірлік үйлестірушілерімен және өңірдің азаматтық секторының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында ол орталықтың және оның өңірлік өкілдіктерінің алдағы президент сайлауындағы, ең алдымен, қазақстандықтардың сайлау құқықтарын сақтауға бағытталған басты міндетін атап өтті.

Төлеген Күнәділов байқаушыларды даярлау жөніндегі жұмысы туралы айта келе, сайлауалды кезең ішінде сайлау заңнамасының сақталуына тиімді мониторинг жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Ол Партиялық емес байқау орталығының аймақтық үйлестірушілері мен ҮЕҰ серіктестерін бақылаушыларды даярлау және практикалық тәжірибе алмасу мәселелерінде ынтымақтастыққа шақырды.

Кездесуге қатысушылар бірыңғай мақсат - әділ дауыс беру, заңның сақталуы, сайлаудың адалдығы мен ашықтығы екенін атап өтті.

Қарасай ауданының «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ басшысы Сәкен Шаймолдаев ұсынылған бастамаларға қолдау білдіріп, тығыз ынтымақтастық қоғамдық бақылаушыларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағы» ҚБ басшысы Қанат Молдабергенов бірлескен диалогқа қызығушылық танытты.

«Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдары мен әскери қақтығыстарға қатысушылар» ҚБ Алматы облысы және Қонаев қаласы бойынша филиалының басшысы Серік Сәрсембаев байқаушыларды дайындауда Партиялық емес байқау орталығымен және басқа да ҮЕҰ-мен өзара тәжірибе алмасудың тиімділігін атап өтті.

Партиялық емес бақылау орталығы штабының төрағасы Төлеген Күнәділов Қонаев қаласында Алматы облысының аудандық үйлестірушілерін «Дауыс беру барысын бақылау: теория және практика», «сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыптарында оқыту өткізді.

Оқыту тиімді өтті. Тренингте сайлау процесінің құқықтық аспектілері, референдум мен президенттік сайлау кезеңіндегі сайлаудың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсініктер берілді.

Жергілікті жерлерде стационарлық және мобильді бақылаушыларды оқытуға ерекше назар аударылды, бұл үшін аудандық үйлестірушілер қажетті әдістемелік көрнекі материалдармен және әзірлемелермен қамтамасыз етілді, - делінген Партиялық емес бақылау орталығының баспасөз хабарламасында.

Оқытудың негізгі тақырыбы таңдалған процестің тұрақтылығы мен әділдігі, бақылаушылардың қызметін бақылау және үйлестіру құралдары арқылы заңдылықты сақтау болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы