Партиялық емес байқау орталығында «Ауыл» партиясы өкілдерімен кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Азаматтық альянсы бастамашылық еткен сайлауды партиялық емес байқау орталығында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдерімен кездесу өтті, кездесу барысында 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын бақылау мәселелері талқыланды.

Партиялық емес байқау орталығы ретінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес сайлаудың тиісті деңгейде өтуіне мүдделіміз. Елге қандай байқаушылар келсе де, қандай баға берсе де, ең басты баға – халықтың таңдауы. Біз азаматтық қоғамды, ең алдымен, халықты таныстырамыз, - деді кездесуде орталық басшысы, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева. 

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков алдағы сайлаудың әділдік жағдайында өтуіне мүдделі екендігін жеткізді. 

Біз Қазақстанның Азаматтық альянсы құрған сайлауды партиядан тыс байқау орталығының шақыруын қуана қабылдадық. Партия ретінде де алдағы сайлаудың әділдік, адалдық атмосферасында және ҚР заңнамасына қатаң сәйкестікте өтуіне мүдделіміз. Заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін тығыз ынтымақтасуға дайынбыз, - деді Рахымбеков.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы