Партиялардың үгіт-насихат жұмыстары әлсіз болды – саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін сарапшылар 10 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихат депуттарының сайлауын талқылады. Саясаттанушы Жұлдызай Ысқақова партиялар үгіт-насихат жұмыстары кезінде белсенді болмағанын атап өтті.

Партиялар үгіт-насихат жұмыстарының негізгі бөлігін соңғы 10 күндікте өткізетін шығар деп ойлағанбыз. Бірақ соңғы 10 күнде де ештеңе байқамадық. Биылғы сайлаудың 2016 жылдан бір ерекшілігі - дебаттардың көптігімен есте қалды. Қатарынан 3-4 дебат ұйымдастырылды. Бұл жаңа кезең. Бірақ дебаттардың деңгейі төмен болды. Сосын пандемия қатты әсер етті. Тұрғындармен кездесулер азайды. Сосын олар әлеуметтік желіні пайдаланатын шығар деп ойлағанмын. Мониторингтік зерттеу де жүргізіп көрдім. Мысалы, Nur Otan-да 228 мың, ҚХП-да 5 мың ғана жазылушы бар. Осыдан кейін қалай тартыс болады?, - дейді Жұлдызай Ысқақова.

Оның айтуынша, жазылушыларды айтпағанда, жазған посттарының өзінде де партиялар да айырмашылық бар.

Әлеуметтік желідегі белсенділік бойынша бірінші орында Nur Otan, одан кейін «Ақ жол», «Ауыл», ADAL сосын Қазақстан халық партиясы. Соңғысы әлеуметтік желіге аса қатты мән бермеді, - дейді саясаттанушы.

Айта кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дерегінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29, Nur Otan партиясы 71,09%, ADAL саяси партиясы 3,57, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95 және «Қазақстанның Халық партиясы 9,10 пайыз дауыс жинады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы