Партиялар арасындағы дебат жаңа жыл қарсаңында өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды теледебаты 30 желтоқсанға жоспарланған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясынң мүшесі Анастасия Щегорцова айтты.
«Сайлау туралы» конституциялық заңның 28-бабына сәйкес, тиісті сайлау комиссиялары сайлау алдындағы дебаттарды ұйымдастыруға құқылы. Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауы бойынша теледебат өткізеді. Ал Мәслихат депутаттығына үміткерлер арасында пікірсайысты жергілікті сайлау комиссиялары ұйымдастырады. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы теледебатын өткізу туралы қаулы жобасы дайындалды. Ол 2020 жылдың 30 желтоқсанына белгіленіп отыр, - деді Анастасия Щегорцова.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы тіркеген партиялық тізімге «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Nur Otan партиясы, Adal партиясы, «Ақ жол» мен «Қазақстан халық партиясы» енген. Бес партиядан Мәжіліске 312 үміткер тіркелген. Оның ішінде Ауыл – 19, Nur Otan – 126, Adal – 16, Ақ жол – 38, Қазақстан халық партиясы 113 адамды ұсынып отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті мәжілісінің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары бүгін 18.01-де басталып, дауыс беру күнінің алдындағы күні сағат 00.00-де аяқталады. Сонымен қатар бүгін елордада Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы ашылғаны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ОСК мүшесі сайлауалды үгіт жүргізудің әдістері жайлы айтып берді
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы