Партия мандатсыз да халықтың мәселесін жүйелі түрде шеше алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі.

Осыған орай ADAL партиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Сайтқұлова Мемлекет басшысының бастамаларына қатысты пікір білдірген еді.

Президент парламенттік сайлау нәтижелері бойынша партиялардың Мәжіліске кіру шегін төмендетуді ұсынды. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде алдағы саяси реформалар туралы айтты.  Президент партиялардың Мәжіліске кіру шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді ұсынды, көппартиялық жүйені дамыту мәселелері талқыланды. ADAL  партиясы бұл ұсынысты қолдайды, өйткені шекті төмендету көппартиялық жүйенің дамуына және жалпы елдегі партиялық жүйенің одан әрі дамуына ықпал етеді, - дейді ол.

Оның айтуынша, партия Президенттің басқа да жариялаған бастамаларын қолдайды.

Сонымен қатар партия Президенттің барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсы» деген баған енгізу туралы ұсынысын қолдайды.  Бұл шара халықтың пікірінің түрлі спектрін ескерудің индикаторы бола отырып, қоғамды одан әрі демократияландыру үдерісін ынталандырады. Партия Президенттің басқа да жариялаған бастамаларын қолдайды. Мемлекет басшысы айтқан кейбір бағыттар біздің партияның бағдарламасына сәйкес келеді. Бұл – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру және жастарға инвестиция салу, - дейді ол.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметтері бойынша, өткен сайлауда ADAL партиясы 3,57 пайыз дауыс жинады. 

Науқанның қысқа мерзіміне қарамастан, біз бүкіл Қазақстан бойынша тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, жастармен бес мыңнан астам кездесу өткізе алдық. Науқанның соңғы күні бірінші рет сағат күндізгі 12.00-ден түнгі 00.00-ге дейін жалғасқан үздіксіз тікелей эфир өткізілді. Осы уақыт ішінде біз халықпен бірге болдық, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бүгінгі таңда ADAL партиясының қатарында 311 мыңнан астам адам бар. Өкінішке қарай, біз Мәжіліске өткен жоқпыз, бірақ, халықпен жұмыс істеу арқылы үлкен тәжірибе жинадық және біздің партия мандатсыз да халықтың мәселелерін жүйелі түрде шешетінін мәлімдегіміз келеді, - деді партия төрағасының орынбасары.

Ақмарал Сайтқұлова ел Президентінің ауыл және аудан әкімдерінің сайллауы туралы ұсынысымен ынтымақта екенін және партия осы сайлауға қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы