Партия деген «инстаграмдағы» әдемі суреттер емес. Дүйсембинов Сырымбек Тауға жауап берді

Партия нақты жүйелі жұмыс атқаруы тиіс. Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Respublica партиясының өкілі Сырымбек Тау «Ақжолдың басшысының отырғанына 7 жылдан асып кеткенін және құрамның мүлдем өзгермейтінін айтты.

Дүйсенбинов бұл сұраққа:

Қытайда қамалған қазақтарға ең бірінші болып араша түскен біздің партия. Тек соңғы екі жылдың ішінде Азат Перуашев заңға 500-дей түзету енгізді. Кәсіпкерлік кодекстің авторы да біздің партия. Біз партиядағы адамды ауыстыру керек екен деп жол жөнекей адамды термейміз. Партия – әлеуметтік желідегі әдемі сурет емес, жүйелі жұмыс, – деді Ақжол партиясы төрағасының орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: qazaqstan.tv
Өзгелердің жаңалығы