Партия алдағы болатын сайлауға ұсынатын көшбасшылар құрамын ойдағыдай жаңғыртты – Қырықбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Партия алдағы болатын сайлауға ұсынатын көшбасшылар құрамын ойдағыдай жаңғыртты. Бұл туралы Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында айтты. 

Жалпы, жастардың белсендігі өте жоғары болды. Nur Otan партиясына көп жыл қызмет еткен, түрлі дәрежедегі бастауыш партия ұйымдарында өте ықпалды, беделді азаматтар жеңіп жатты.  Бұл – заңды нәрсе. Себебі Nur Otan ғайыптан пайда болған, кеше ғана өмірге келген саяси ұйым емес қой. Бұл өзінің дәстүрі мен тарихы бар, көшбасшылары бар, қалыптасқан қатарластарының корпусы бар ауқымды саяси ұйым. Партия алдағы болатын сайлауға ұсынатын көшбасшылар құрамын ойдағыдай жаңғыртты деуге толық негіз бар, - деді ол. 

Ол атағандай, тек басшылық органда қызмет ететін, мектеп басқаратын азаматтар ғана емес, қарапайым, қолында билігі жоқ, бірақ беделі жоғары азаматтар жеңіп жатты. 

Қырықбаев өңірлерде қарапайым қызметкерлер мен мұғалімдердің сайыстан жеңіп кеткендерді мысалға алды. 

Праймериз әлеуметтік желіде көп лүпіл жинайтын азаматтар қалай болғанда да елдің толық ықыласына ие деген түсінігін көп жағдайда олай емес екенін көрсетіп берді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы